Абай, Жетісу: жаңа облыс әкімдері тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі болып тағайындалды.
– Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, — делінген жарлықта.
Сондай-ақ, Сенат депутаты Бейбіт Исабаев Жетісу облысының әкімі атанды.
– Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, оның Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттық өкілеттігі тоқтатылсын, — делінген жарлықта.
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.