Абрамовичтің бизнесі 543 теңгеге сатылады
Ресейлік бизнесмен Роман Абрамович пен оның серіктестеріне тиесілі Truphone Британдық байланыс операторы бір фунт стерлингке (543 теңге) сатылатын болады.
Financial Times басылымның мәліметінше, Truphone сату туралы шешім Британдық және еуропалық билік Абрамовичке қарсы санкциялар енгізу аясында қабылданған. Ресейлік олигарх компания акцияларының 23 пайызын иеленеді. Қалғандары Evraz тау-кен компаниясының серіктестері Александр Абрамов пен Александр Фроловқа тиесілі.
Сатып алушылар бұрын пайдаланылған автомобильдермен айналысатын неміс кәсіпкері Хакан Коч және оның серіктесі Пиррос Куссиос. Бұл ретте Кач акциялардың 90 пайызын алады, ал Куссиос 10 пайызына ие болмақ.
Мәміле маусым айында жасалады. Бұған дейін «Челси» футбол клубы ресми түрде американдық миллиардер Тодд Болиге 5,3 миллиард долларға сатылды.
Комментариев пока нет