Абылай Мырзахметовке қатысты тың деректер пайда болды
Елордада «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– 2023 жылғы 12 мамырда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А.и. Мырзахметовке қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, – деп хабарлады Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметі бойынша, ол «туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға көмектескен және кәсіпкерді аса ірі көлемде пара беруге итермеледі» деген күдікке ілінген.
– Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Тергеу жалғасады, – деп хабарлады Антикор.
Фото: ашық дереккөз



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.