Адамзат аса қауіпті қарумен ойнап отыр – БҰҰ басшысы - Exclusive
Поддержать

Адамзат аса қауіпті қарумен ойнап отыр – БҰҰ басшысы

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш ядролық қаруы бар мемлекеттер үшін ядролық соғыс мүмкіндігіне жол беру мүлдем қолайсыз екенін мәлімдеді.

БҰҰ ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, БҰҰ басшысы қауіпті қаруды иемдену қарқын алып, әлемдік көшбасшылар жүздеген миллиард долларлық қорларды көбейтіп жатқанын айтты. Сондай-ақ, қазіргі уақытта әлемдегі арсеналдарда 13 мыңға жуық ядролық қару бар екенін ескертті.

Гутерриш әлемдегі алғашқы атом бомбасының 77 жылдығына арналған Хиросимадағы Бейбітшілік мемориалының рәсіміне қатысқаннан кейін Токиода өткен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

– Ауыр ядролық дағдарыстар Таяу Шығыстан Корей түбегіне дейін, Ресейдің Украинаға шабуылына дейін тез таралып жатыр. Адамзат аса қауіпті қарумен ойнап отыр. Ядролық қару нұсқасын мәңгіге естен шығарыңыздар, – деп ескертті Гутерриш.

Ол ядролық қаруы бар елдер ядролық қаруды бірінші болып қолданбауға міндеттеме алуы керек екенін және басқа мемлекеттерді оларға қарсы ядролық қаруды қолданбайтынына сендіруі керек екенін атап өтті.

Фото: AFP




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.