Адвокат Бурхан Жансейітов қамауға алынды
Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында белгілі кәсіпкерлік құрылымдарды ұзақ уақыт бойы рейдерлік басып алуды іске асырған бір топ тұлғалардың әрекетінің жолы кесілді.
Бұл туралы ҚМА-ның баспасөз қызметі хабарлады.
– Қылмыскерлер зорлық-зомбылық, қоқан-лоққы, бопсалау арқылы еліміздегі белгілі кәсіпкерлерді өз мүлкін тегін беруге мәжбүрлеген. Бүгінгі таңда Департаментте Алматы қаласы мен Алматы облысында аталған тұлғалар тобының рейдерлік шабуылдар жасағаны туралы 4 дерек бойынша іс қозғалды. Еліміздің кемінде тағы үш облысында осыған ұқсас қылмыстардың жасалғаны туралы ақпарат бар, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, аталған топ қымбат жылжымайтын мүлік, автокөлік және т.б. алу арқылы заңдастырылған кірісі жасырын бизнеспен белсенді айналысқан. Қылмыскерлердің уәкілетті мемлекеттік органдарда байланыстары болғаны айтылды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Айта кетейік, ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
Комментариев пока нет