Ya Metrika Fast


English version

Қадыров тұтқында болған жауынгерлермен кездесуден бас тартты

Контекст дня — 16 апреля 2023 18:17
0
Изображение 1 для Қадыров тұтқында болған жауынгерлермен кездесуден бас тартты

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров шешен жауынгері тұтқында болмауы тиіс екенін айтып, тұтқыннан оралған жауынгерлермен кездесуден бас тартты, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Бүгін Грозныйға Украинада тұтқында болған бес шешен жауынгері оралды. Журналистер менен бұл туралы не ойлайтынымды сұрады. Менің ойымша, шешен жауынгерінің тұтқында болмауы керек. Әртүрлі сылтаулар болуы мүмкін, бірақ қалай болғанда да, жауынгер оның басқа амалы болмағанын дәлелдеуі керек. Мұны майдан шебіне оралу арқылы дәлелдеу керек. Сондықтан мен қайтып келген жауынгерлермен кездескен жоқ, – деп жазды Қадыров өзінің Telegram-арнасында.

Қадыров бұл тек жеке жауынгердің ғана емес, сонымен бірге бүкіл бөлімшенің деңгейіне әсер ететінін атап өтті.


– Олар ұрыстан қашпағанын, жаумен кездесуден қорықпағанын және қаруларын тастап, жауға тізе бүкпегенін дәлелдесін, – деді Қадыров.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.