Ya Metrika Fast


English version

Қадыровтың ауыр хәлде жатқаны рас па?

Контекст дня — 19 сентября 2023 14:50
0
Изображение 1 для Қадыровтың ауыр хәлде жатқаны рас па?

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров telegram парақшасында жазба жариялап, жаңбыр астында серуендеп жүрген бейнежазбасын жариялады. Осылайша Қадыров өзі туралы қауесеттерді жоққа шығарды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Шешенстан басшысы желі қолданушыларына шындық пен өтіріктің аражігін ажыратуға кеңес берді.

– Интернетте отырып шындықты өтіріктен ажырата алмайтындарға таза ауада серуендеуге, ойларын ретке келтіруге кеңес беремін. Жаңбыр сергітеді, – деді ол.


Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та Қадыровтың жағдайы ауыр екендігі туралы ақпарат пайда болды. Тіпті Шешенстан басшысының комаға түскені туралы хабарланған еді.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.