АЭС салу кезінде түрлі елдердің тәжірибесін ескереміз – Сәтқалиев
«Самұрық-Қазына» басшысы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан АЭС салу кезінде әлемнің түрлі елдерінің тәжірибесін ескеретінін мәлімдеді. Сәтқалиев Ресей, Оңтүстік Корея және Франциядағы технологиялардың деңгейі жоғары екенін айтты.
– АЭС құрылысының ерекшелігі біз алдымен құрылысшыларды анықтап, міндетті талап қоюымыз керек. Содан кейін олар станцияны жобалауға кіріседі. Біз бірнеше ай ішінде таңдау жасаймыз, – деді Сәтқалиев.
Сондай-ақ ол қазақстандық тарап құрылыс кезеңінде қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылатынын айтты.
– Станция автоматика тұрғысынан да, техникалық шешімдер тұрғысынан да қорғалады. Мысалы, станция сейсмикалық талаптар туралы айтпағанда, корпусы үлкен фюзеляжды ұшақтың құлауынан болатын соққыға төтеп беруі керек, – деді Алмасадам Сәтқалиев.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.