Аймағамбетов Түркістан облысындағы мектептерді сынға алды - Exclusive
Поддержать

Аймағамбетов Түркістан облысындағы мектептерді сынға алды

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Түркістан облысына іс-сапармен барды.

Министр Түркістан облысындағы алты ауылдың жеті мектебін аралағанын айтып, екі мектеп басшысының жұмысына төмен баға берді.

– Таңертеңнен бері Түркістан облысындағы алты ауылға барып, жеті мектептің жұмысымен таныстым. Соның ішіндегі екі мектеп басшысының жұмысына төмен баға беруге болады. Өз құзыреттеріндегі міндеттерін орындауына және қажетті жұмысты ұйымдастыруларына қатысты сұрақтар бар. Сондай-ақ мектептердің біріндегі кітапханашыға «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша атқарып жатқан жұмысы үшін алғысымды айттым. Тағы екі мектепте осы жоба бойынша жұмыс тиісті деңгейде орындалып отырған жоқ. Мектеп басшыларының аттестациядан өту мерзімі өтіп кетсе де, кейбір облыс аудандарында 5 жылдан астам уақыт бойы аттестация өткізілмеген. Осы облыстың басқа да білім беру ұйымдарының жұмысымен танысамын, – деп жазды Аймағамбетов facebook парақшасында.

Фото: facebook/askhat.aimagambetov




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *