Аймағамбетов министрлікті екі ведомствоға бөлу туралы айтты - Exclusive
Поддержать

Аймағамбетов министрлікті екі ведомствоға бөлу туралы айтты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрлікті екі ведомствоға бөлу туралы ұсынысқа түсініктеме берді.

– Қазір бұл шешімді тиімді жүзеге асыру міндеті тұр, өйткені Білім және ғылым жүйесінің тиімділігі — маңызды. Қажетті жұмысты жүргізетін боламыз, — деді министр.

Оның айтуынша, министрлікті бөлу туралы шешім қабылданды.

– Сіздер шешімді естідіңіздер. Шешім айтылды, сәйкесінше қабылданды. Білім беру жүйесіне пайдалы болу үшін осы шешімнің орындалуы туралы ойлану керек. Сондықтан біз қазір сол бойынша жұмыс істейміз. Тиісті шешімді кім қабылдайтынын нақты реттейтін заңнама бар (министрлікті бөлу процесі туралы). Бұл жағдайда Үкімет деңгейінде және ел басшылығы деңгейінде осы министрліктерді құрудың құрылымы, нақты дизайны туралы шешім қабылданады. Сондықтан, тиісті деңгейде шешім қабылданады және мұның бәрі жұртшылыққа жеткізіледі деп ойлаймын, — деп толықтырды БҒМ басшысы.

Алматыдағы Ұлттық Ғылым академиясының 75 жылдығына арналған сессияда сөйлеген сөзінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлуді ұсынған.




2 Комментария

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

  1. Өте дұрыс шешім.
    Бүкіл Әлемдік Онлайн Оқыту Технологиясын меңгере алмаған топас баланы қолдайтын топастар да жеткілікті екен!
    Қайран қазақтар, мәңгүрт болып қаласыңдар!
    Цифрлық сауатсыз баладан тез құтылған болашақ ұрпақ үшін үькен бақыт!

  2. Өте дұрыс шешім.
    Бүкіл Әлемдік Онлайн Оқыту Технологиясын меңгере алмаған топас баланы қолдайтын топастар да жеткілікті екен!
    Қайран қазақтар, мәңгүрт болып қаласыңдар!
    Цифрлық сауатсыз баладан тез құтылған болашақ ұрпақ үшін үькен бақыт!