Аймағамбетов: Мектептерде мәселе жеткілікті, бірақ жасырады
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектеп дәретханалары мен асханалардың жай-күйі туралы ақпаратты жасырған жағдайда мектеп басшылығы мен басқарма басшыларына қатысты қатаң шаралар қабылдайтынын айтты.
Министрдің айтуынша, кейбір мектеп директорлары мектеп дәретханалары мен асханаларының жағдайы туралы ақпаратты жасырады.
– Мектеп асханалары мен дәретханалар мәселесіне қатысты жағдайды түбегейлі өзгертуіміз керек. Ақпарат жеткіліксіз. Менің ойымша, мектептерде мәселе жеткілікті, бірақ жасырады. Менде бар ақпарат бойынша, кейбір мектеп директорлары осындай ақпаратты бізге жеткізгендерді жазалайды екен, – деді Аймағамбетов ведомствоның аппараттық кеңесі барысында.
Министрлік басшысы әріптестерінен ақпаратты жасырмауды, мектеп дәретханалары мен асханаларға шағымдар мүмкіндігінше аз болуы үшін мәселелерді шешуге тырысуды сұрады.
– Жасырудың қажеті жоқ, егер асханаларда, дәретханаларда шағым болса, біз ешкімді жазаламаймыз, біз мұндай жағдайдың бар екенін білуіміз керек. Кемшіліктерді жоюға уақыт болады, – деді Асхат Аймағамбетов.
1 Комментарий
Әжетқана дұрыс болғанымен, асхана сай келмейді, ьамақ тек қана аз қамтылған отбасының балаларына беріледі, мыс жүз оқушыдан тоғызыга, бірақ ол тамақтың нормасы сын көтермейді, ішу емес қарауға ұяласың.