Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Бұрынғы мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі 21 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– 2023 жылғы 19 мамырда сот қаулысы бойынша, соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды және Қ-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 1 айға дейін, яғни 2023 жылғы 21 маусымға дейін ұзартуға санкция берілді, – деп жазылған Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты хабарламасында.
Еске салайық, экс-депутат 2022 жылдың 22 сәуір күні ұсталды. Бас Прокуратура Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасының ісі бойынша ұсталғанын мәлімдеді.
Фото: sputnik
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.