Қайрат Сатыбалды кінәсін мойындап, жазасын жеңілдетуді сұрады
Елордада онлайн-режимде Қайрат Сатыбалдыұлының сот процесі өтіп жатыр.
Сот Қайрат Сатыбалды, Муравьев және Қоңырбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауынан аудио және бейнежазба жүргізуге тыйым салды. Түсірілімге айыпталушының өзі және оның адвокаттары қарсы болды.
Қайрат Сатыбалдыұлының 6 ай уақыт ішінде қалай өзгергенін байқауға болады. Сот процесі Қайрат Сатыбалдыұлы мен басқа да тұлғалардың ісі бойынша «Қазақтелеком» АҚ мен «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша өтеді. Іс бойынша барлығы бес күдікті тергеліп жатыр.
Адвокат 8 қыркүйек күні «Қазақтелеком» АҚ мен ЦТС АҚ басшылары Қайрат Сатыбалдымен медиациялық келісім жасағанын хабарлады.
– Бұл келісім – тараптардың қылымыстық іс бойынша кінәларын мойындайтынын білдіреді. Қайрат Сатыбалды жасаған ісіне өкінеді және келтірілген шығынды толық өтеуге дайын, – деді адовкат.
Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты салық және кеден төлемдерін төлеуден жалтару, қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша қылмыстық істер қосымша тергеліп жатыр. Айыпталушылардың басқа да заңсыз активтерін іздеу жалғасуда.
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.