English version

Қайрат Сатыбалдыұлы 6 жылға бас бостандығынан айырылды

Контекст дня — 26 сентября 2022 17:10
0 -1

Қайрат Сатыбалдыұлы 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі колонияда өтейді.

Тамыз айының соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты «Қазақтелеком» АҚ мен «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Тергеу барысында заңсыз сатып алынған активтер мен айыпталушылардың жалпы сомасы 240 миллиард теңгеден астам немесе 500 миллион АҚШ долларынан астам ақшалай қаражаты мемлекетке қайтарылды.

Прокурор Жангелді Есебаев Қайрат Сатыбалдыұлын алты жылға бас бостандығынан айыруды және «Құрмет», «Парасат» ордендерінен айыруды сұраған еді.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.