Қайрат Сатыбалды мемлекетке тағы 120 миллион доллар қайтарды
Биылғы жылдың желтоқсан айында Қ. Сатыбалдыұлы жалпы сомасы 120 млн АҚШ долларына, яғни 55,4 млрд теңгеден асатын ақшалай қаражатын мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің дерегі бойынша, көрсетілген қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебіне республикалық бюджетке жіберілді.
Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет соңғы 2 жылда бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 912 млрд теңгеден астам сомаға мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтаруды қамтамасыз етті.
– Бұрын айтылғандай, олардың қатарына әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, сәнді үйлер, пәтерлер мен автомобильдер, акциялар мен компаниялардағы үлестер, теміржол жолдары мен ақша қаражаттары, соның ішінде шетелден алынған қаражаттар кіреді. Заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда, – деп жазылған хабарламада.
Фото: sputnik
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.