English version

Қайрат Сатыбалдының қызы Тоқаевтан араша сұрады

Контекст дня — 2 мая 2023 15:35
0 -1

Байқоңыр ауданының N2 сотында Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша жарыссөз өтті.

Сот процесінде Гүлмира Сатыбалды мен Қайрат Сатыбалдының қызы Қасым-Жомарт Тоқаев пен сотқа үндеу жасап, араша сұрады, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Қайрат Сатыбалдының қызы ата-анасының қамауға алынғанын айтып, балалардың қиын жағдайда қалғанын мәлімдеді.

– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, біздің анамыз өте мейірімді адам, бес немеренің әжесі және үш баланың анасы. Біз балалар өте қиын жағдайға тап болдық, өйткені біздің ата-анамыз қамауға алынды. Анамызды босатуыңызды сұраймын. Менің ойымша, ол қылмыс жасаған жоқ. Процесс барысында ол жәбірленуші Мекешовамен татуласып, залалды өтеді. Куәгерлер мен жәбірленушілердің көпшілігі менің анама, біздің отбасымызға, тіпті маған жала жабатынын түсіну үшін заңгер болудың қажеті жоқ. Мен Нью-Йорк қалалық мектебінің түлегімін. Балаларға және анамызға адамгершілікпен қарауыңызды, әділ баға беріп, заңды шешім шығаруыңызды сұраймын, – деді ол.

Еске салайық, Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдының ісі Астана қаласында қаралды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Гүлмира Сатыбалды, оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС-нің басшылығы және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілініп отырғанын хабарлады.

Фото: sputnik


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.