Ya Metrika Fast


English version

Активтерді қайтару: Қазақстан БАӘ-мен келіссөздер жүргізіп жатыр

Контекст дня — 15 декабря 2023 16:50
0
Изображение 1 для Активтерді қайтару: Қазақстан БАӘ-мен келіссөздер жүргізіп жатыр

БАӘ-нің Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі атқарушы кеңсесінің делегациясы елордаға арнайы сапармен келіп, БАӘ Атқарушы кеңсесі мен Қаржылық мониторинг агенттігі қаржылық қылмыстармен күресте ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Құжат негізгі төрт бағыт бойынша ынтымақтастықты көздейді:


  1. тараптар виртуалды активтер саласында өзекті тәуекелдер және оларды реттеу мен қылмыстық схемаларды анықтау жөніндегі озық тәжірибелер туралы ақпаратпен алмасатын болады;
  2. мемлекеттік- жекеменшік әріптестік бойынша тараптар мемлекеттік және жеке сектор арасында ақпарат алмасу тетіктерін әзірлеуде ынтымақтасатын болады. Мұндай тетіктер қаржылық қылмыстарды тиімдірек анықтап, оның жолын кесуге мүмкіндік береді;
  3. отандық сарапшылардың кәсібилігін шыңдауға бағытталған бірлескен оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда;
  4. қылмыстық активтерді қайтару мәселесі бойынша ынтымақтастықты нығайту.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.