Алдағы 20 жылдықта жаңа 3 президентті көреміз – депутат - Exclusive
Поддержать

Алдағы 20 жылдықта жаңа 3 президентті көреміз – депутат

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформасын қолдауға арналған Open Air-ге 25 мыңнан астам адам жиналды.

«AMANAT» партиясы мемлекет басшысының реформасын қолдау мақсатында «Береке – бірлікте!» атты концерт ұйымдастырды. Елордада өткен концерттік қойылымға 25 мыңнан астам тұрғын жиналды. Сондай-ақ, кеште эстрада әншілері өнер көрсетті.

Концертте сөз алған Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсембаев президенттің бір мерзімге 7 жылдық уақытқа сайланатынын «саяси жаңалық» деп атап, реформаны қолдауға шақырды.

– Бұдан былай бізде мемлекет басшысы бір мерзімге 7 жылдық уақытқа ғана сайланатын болады. Бұл үлкен саяси жаңалық. Біз осындай саяси жаңалықты бірінші болып қолдауымыз керек. Алдағы 20 жылдықта жаңа 3 президентті көреміз. Бәріміз саяси жаңа реформаларға атсалысуымыз керек, – деді депутат Бейсембаев.

Фото: Елнұр Бейсенбаевтың жеке мұрағатынан




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.