Алдағы онжылдық өте қауіпті әрі маңызды болмақ – Путин
Ресей президенті Владимир Путин Валдай халықаралық пікірталас клубының пленарлық отырысында сөз сөйледі. Ресей президентінің әңгімесі 3,5 сағатқа созылды.
Путин әлемдегі оқиғалар теріс сценариймен дами беретінін айтты. Себебі әртүрлі салада жүйелік дағдарыс қалыптасқан. Оның пікірінше, кінәлілерді батыстан іздеу керек.
– Батыс әрдайым шиеленіс қалыптастыралы. Украинадағы соғыс, Тайвань айналасындағы жағдайдың шиеленісуі, энергетикалық дағдарыстың күшеюі және газ құбырларының бұзылуына Батыстың қатысы бар. Батыс адамзаттың барлық ресурстарын талап етеді. Олар бәрін екінші дәрежелі адамдар ретінде көреді, ал өздерін ерекше деп санайды. Бұл ғасырлар бойы жалғасып келеді, – деді Путин.
Владимир Путиннің пікірінше, гегемония аяқталады.
Украинадағы қақтығыс туралы айтқан Путин ядролық қару болған кезде оны қолдану қаупі сақталатынын атап өтті.
– Бізге Украинаға ядролық қару арқылы шабуыл жасаудың қажеті жоқ. Мұның саяси да, әскери де мағынасы жоқ, – деп түйіндеді ол.
Ресейдің басқа елдермен қарым-қатынасына қатысты көптеген мәселелер болды. Путин Қарабақ қақтығысын шешудің бірнеше нұсқасын ұсынғанын айтты, бірақ Армения ұсыныстарды қабылдамаған.
Ол Қытай басшысы Си Цзиньпинмен достық қарым-қатынаста екенін айтып, Қытайдың дамуының тәжірибелері Ресей Федерациясында зерттеу тақырыбына айналғанын жеткізді.
– Ресей сіздерге қарсылас дегенге сенбеңіздер. Ресей сіздерге дос, – деді Путин.
Фото: crimea.ria.ru



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.