Алдағы үш жылда балалар үйінің санын 2 есеге қысқарады
Бүгін елордада Үкімет басшысы Әлихан Смайылов өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына барып, балалармен тілдесті, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, Смайылов ел Президенті жетім балаларды әлеуметтік қорғау және оларды отбасында тәрбиелеу мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті.
– Бұл – біз үшін ерекше мереке, өйткені балалар – біздің болашағымыз! Балалардың дені сау, ақылды және табысты болып ержетіп, сапалы білім алғанын қалаймыз. Ал мемлекет бұл үшін барлық қажетті жағдайды жасауды жалғастырмақ, – деді Смайылов.
Айта кетейік, соңғы 10 жылда республикадағы балалар үйлерінің саны 41%-ға, ал ондағы балалар саны 65%-ға төмендеді. Бүгінгі таңда елде 3 700-ге жуық бала тұратын осындай 116 мекеме бар.
– Біз әр баланың отбасында тәрбиеленгенін қалаймыз. Сондықтан жыл соңына дейін кәсіби асырап алушы отбасылар институтын енгізу бойынша заңнамалық нормалар қабылданатын болады. Біз барлық бала отбасында тәрбиеленуі керек деген мақсат қойып отырмыз. Сол кезде балалар үйлерінің қажеті де болмай қалады, – деді Үкімет басшысы.
Сондай-ақ Смайылов алдағы үш жылда балалар үйінің санын 2 есеге қысқартуды туралы жоспармен бөлісті.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.