Алматы қаласы спорт басқармасының бұрынғы басшысы Байсейітов сотталды
Алматы қаласы спорт басқармасының бұрынғы басшысы Рүстем Байсейітов жылға сотталды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Рүстем Байсейітов пен оның қарамағындағыларға Медеу аудандық №2 соты үкім шығарды.
Сот үкімі бойынша Рүстем Байсейітов кінәлі деп танылды. Сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды және 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Байсейітов жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-түзеу жүйесі мекемесінде өтейтін болады. Ол сотта өз кінәсін толық мойындамайтынын айтты.
Алматы қаласы спорт басқармасының қаржы-экономикалық бөлімінің бұрынғы басшысы Әйгерім Байғонова 3 жыл 6 айға, Қазақстан Гольф Федерациясы РҚБ-ның спорт менеджері Әлия Смақова 3 жылға, Qazaq Sport ЖШС директоры Ержан Мұхаманов 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Фото: prosports.kz
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.