English version

Алматы қаласының тергеу соты Төребаевқа қатысты шешім шығарды

Контекст дня — 21 октября 2022 16:50
0 -1

Вайнер Мейіржан Төребаевтың қамауда отыру мерзімі ұзарды. Бұл туралы Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты хабарлады.

2022 жылы 18 қазанда қазақстандық вайнерді қамауға алу мерзімін ұзарту туралы сот қаулысы шыққан.

– Тергеу органдарының күдікті Мейіржан Төребаевтың қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде 1 айға, яғни 18 қарашаға дейін қамауда болу мерзіміне санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды, – делінген сот хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 2022 жылдың ақпан айында Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзизжан Саидбаевтың қаржы пирамидасын құрып және оны басқарды деген күдікке ілінді.

11 сәуірде елордада қаржы пирамидасының салымшысы Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында өзін-өзі өртеп жіберді.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для Алматы қаласының тергеу соты Төребаевқа қатысты шешім шығарды

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.