English version

Алматы әкімдігі «Демократиялық күштер коалициясына» митинг өткізуге рұқсат бермеді

Контекст дня — 14 сентября 2022 18:14
0 -1

Алматы әкімдігі «Демократиялық күштер коалициясына» 17 қыркүйек күні президенттің мерзімінен бұрын сайлауына қарсы митинг өткізуге рұқсат бермеді.

Ерлан Қалиев пен Арайлым Назарова 17 қыркүйекте сағат 12.00-15.00 аралығында Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда митинг өткізетіні туралы әкімдікке ескерту хат тапсырған. Әкімдік ол күні алаңда «қоғамдық-мәдени шара өтетінін» айтып, ескертуді кері қайтарды. Бұл туралы белсенді Ерлан Қалиев өзінің Facebook парақшасында жариялады.

– Алматы қаласының әкімдігі атынан атқарушы билік дәл осы күнге жоспарлаған мәдени-бұқаралық іс-шараларды сылтауратып, митинг өткізуге тыйым салды, – деп жазды Қалиев.

1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауы кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы күзде мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы шешімін жариялады. Осыдан кейін оппозициялық саясаткерлердің, журналистердің, азаматтық белсенділердің және құқық қорғаушылардың бір бөлігі демократиялық күштер коалициясын құрды.

Фото: Власть


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.