Алматы маңында тағы жер сілкінді
Бүгін Алматы маңында сағат 15.03-те жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Жер сілкінісінің эпицентрі – Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 км жерде, Қытай аумағында. MPV магнитудасы 5.5. Тереңдігі-5 км.
ҚР ТЖМ Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы ағымдағы жылдың 23 қаңтарынан бастап Қазақстан аумағында 1900-ден астам жер сілкінісін тіркеген. Оның 11-і сезілді.
Сейсмикалық белсенділік Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған қатты жер сілкінісіне байланысты.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.