Алматы мен Астана қаласының тұрғындары палестиналықтарға қолдау білдірді
Алматылық әйел Палестинаны қолдау мақсатында пикет өткізді. Ол Starbucks кофеханасының алдында арнайы дайындаған постерін көрсетіп, өзінің ұстанымын жария етті, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Ал Астанада тұрғындар Қазақстандағы Палестина елшілігінің алдына гүл шоқтарын қойды.
Айта кетейік, Израиль мен Хамас арасындағы қақтығыс ушығып барады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Палестина мен Израиль арасындағы қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасап, тараптарды бейбіт келісімге келуге және қантөгісті шұғыл тоқтатып, халыққа зарар келтірмеуге үндеді.
Фото: Репортер
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.