Алматы: Пәтерден әйел мен екі баланың мәйіті табылды - Exclusive
Поддержать

Алматы: Пәтерден әйел мен екі баланың мәйіті табылды

Қайғылы оқиға Мамыр шағын ауданындағы «Спутник» тұрғын үй кешенінің пәтерлерінің бірінде болған.

34 жастағы әйел мен екі және жеті жастағы балалар өлі күйінде табылды.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, 6 тамыз күні жедел басқару орталығына мәйіттердің табылғандығы туралы қоңырау түскен.

– Материал жинаудың толықтығын қамтамасыз ету және өлімнің мән-жайын анықтау мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиға орнына келген полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров тергеу барысын жеке бақылауына алды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, – делінген хабарламада.

Барлық сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.