Алматы полициясы Мухоряповке қатысты тексеру жұмыстарын бастады
Алматы полициясы кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың қазақ тіліне қатысты даулы мәлімдемесін тексеріп жатыр. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев хабарлады.
– Мухоряповке қатысты Алматы полициясы сараптама тағайындады. Сараптама нәтижесі бойынша баға беріледі, – деді Шындалиев.
Айта кетейік, әлеуметтік желілерде кәсіпкер, Chocofamily Holding басшысы Рамиль Мухоряповтың қазақ тілі туралы айтқан пікірі дау тудырды. Кәсіпкердің қазақша сөйлеуді мәдениетсіздікке теңегені қоғамда қызу талқыға түсті.
Кейін ол Қазақстан халқынан кешірім сұрады.
– Қайырлы күн, достар! Кеше видеоның бір бөлігін көрдіңіздер. Барлығынан кешірім сұрағым келеді. Мен ешкімді ренжіткім келмеді. Дұрыс айтасыздар, дәл қазір сіздерді мұқият тыңдаймын, – деді Мухоряпов.
Фото: ашық дереккөз

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.