English version

Алматы стансасын айналып өтетін теміржол желісінің құрылысы басталды

Контекст дня — 14 ноября 2023 17:50
0

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елдің көлік-транзиттік әлеуетін дамытуда маңызы зор инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол жүк тасымалы 23 млн тоннадан артып, тарихи максимумнан асып, 2023 жылдың басынан бері аталған көрсеткіш тағы 22%-ға өскен.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов «Алтынкөл-Қорғас» шекаралық өткелі арқылы өтетін теміржол бағыты соңғы жылдары қарқынды өсім көрсеткенін атап өтті.

– Аталған транзиттік дәлізде Алматы теміржол торабы Шу, Ақтоғай, Алтынкөл және Алматы-2 бағыттары бойынша пойыздардың қозғалысын қамтамасыз етеді. Жобаны іске асыру жүктерді жеткізу мерзімін 2 есеге қысқартады, – деді ол.

Айта кетейік, жалпы құрылыс процесінде 130 км теміржол, 3 станса, 13 көпір, 5 т/ж және 1 автокөлік өткелі салынады.

Фото: Ukimet


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.