Алматы: Тергеу изоляторында генерал-майор өлі күйінде табылды
Бекет бақылаушысы тергеу амалдары жүргізіліп жатқан Жайлаубек Халықұлын сағат 07:00-де байқаған.
Мекеменің кезекші ауысымы дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Алайда оны құтқару мүмкін болмады.
Жедел жәрдем бригадасы Жайлаубек Халықұлының механикалық асфиксия нәтижесінде қайтыс болғаны анықталды.
– Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері мен облыстық ҚАЖД басшылығы келді. Басқа адамдармен әңгіме жүргізілді. Тексеру нәтижесінде оған қатысты заңсыз іс-әрекеттер фактілері анықталған жоқ, – деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта облыстық департаменттің қызметкерлерімен қызметтік тексеру тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.
Еске сала кетейік, Халықұлы 23 мамырда ұсталған болатын. Ол қылмыстық істі тоқтатқаны үшін белгілі бір азаматтан алаяқтық жолмен ақша алды деп күдікке ілінді.
Халықұлы Алматы және Ақмола облыстары ІІД-нің бұрынғы бастығы болған.
Фото: Total.kz
Комментариев пока нет