English version

Алматыда экономикалық соттың судьясы сотталды

Контекст дня — 19 января 2024 17:50
0 -1

17 қаңтар күні Алматы облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А. Абдрахмановқа және басқа да адамдарға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Судьяның заңсыз қызметін бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жоғарғы Сотпен бірлесіп тоқтатқан.

– А. Абдрахманов Қарасай ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының Өндіріп алу бөлімінің басшысы А. Асилбековтың көмегімен екі ЖШС-ті банкрот деп танығаны үшін кәсіпкерден пара алды деп айыпталды. Қонаев қалалық сотымен А. Абдрахманов 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. А. Асилбековке 122,5 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Пара беруші 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.