Алматыда әйгілі «Азия дауысы» фестивалі басталды
Алматы төріне әйгілі «Азия дауысы» фестивалі 20 жылдан соң қайта оралды. Ұйымдастырушылар бұл фестиваль бұрынғыдан бөлек форматта өтетінін айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Фестивальдің ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қатысып, «Азия дауысы» бұдан былай жыл сайынғы фестивальге айналып, келесі жылдан бастап дәстүрлі түрде – халықаралық ән байқауымен өтетінін мәлімдеді.

Фестивальдің бірінші күні өте жоғары деңгейде өтті. Сахна төріне бірінші болып «Жас қанат 2023» жас орындаушылар байқауының жеңімпаздары өнер көрсетті.
Байғали Серкебаевтың «Джулия» мюзиклінен үзіндінің тұсаукесері кезінде «А-studio» тобының әндері шырқалып, көрермен әлемдік хиттерді еске алды.

Бұдан бөлек жас тыңдармандардың сүйіктісіне айналған ZAQ, Ерке Есмахан, RaiM, Мирас Жүгінісов, V $ XVPRiNCE, Орынхан, Молданазар және Ирина Қайратовна ән шырқады.

Фестивальдің екінші күнінде Азия Дауысы» сахнасында атақты BLACK EYED PEAS тобы өнер көрсетеді. 30 шілде күні Secret Service пен ЯЛЛА тобы, қазақстандық эстрада жұлдыздары өнерлерін паш етеді. Кеш соңында көрермендер отшашуға куә болады.
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.