Ya Metrika Fast


English version

Алматыда лай көшкіні болып, бір адам қаза тапты

Контекст дня — 8 февраля 2024 12:34
0
Изображение 1 для Алматыда лай көшкіні болып, бір адам қаза тапты

8 ақпанда Алматының Медеу ауданындағы «Тау-Самал» ықшамауданында лай жылжып, екі жеке тұрғын үйді бүлдірген. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Оқиға орнында «Қазселденқорғау» ММ, Алматы қаласының «109 құтқару қызметі» ММ, Республикалық жедел-құтқару жасағынан, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ 28237 әскери бөлімінен, жедел медициналық көмек бригадасынан, Медеу ауданының әкімдігінен 160-тан астам адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды.

ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, дәрігерлер бригадасы кезекшілікті жалғастыруда. Жергілікті жерде ТЖД психологиялық тобы жұмыс жасап жатыр. Сондай-ақ 2007 жылы туған ер адамның денесі табылды.


– Алматы қаласы ТЖД және Республикалық жедел-құтқару жасағының күштерімен алдын ала ақпарат бойынша топырақтың батпақтануына байланысты техногендік сипаттағы жылжыманың түсуі салдарынан ғимараттың зақымдануы себебінен қаза тапқан алдын ала болжам бойынша 2007 жылғы жас жігіттің денесі табылды, – деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Фото: ҚР ТЖМ


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.