English version

Алматыда лауазымды қызметкер мемлекетке 7,4 млн теңге залал келтірді – Антикор

Контекст дня — 29 сентября 2023 16:30
0

ҚР АШМ Фитосанитария бас директоры лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» ШЖҚ РМК бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде.

– Белгіленген тыйымға қарамастан кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйымды құрып және басқарған лауазымды тұлға, 2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін «Фитосанитария» ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалының үй-жайын тегін ұсынып келген. Күдіктінің мемлекетке жасаған іс-әрекетінен келтірілген залал құны 7,4 млн теңгені құрады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.