Ya Metrika Fast


English version

Алматыда «әуежайды басып алу» ісі бойынша 5 адам сотталды

Контекст дня — 11 июля 2023 16:50
0
Изображение 1 для Алматыда «әуежайды басып алу» ісі бойынша 5 адам сотталды

Бүгін Алматыдағы Наурызбай аудандық мамандандырылған сотында Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша сот үкімі оқылды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Сот айыпталушылардың барлығын кінәлі деп таныды. Журналист Әйгерім Тілеужан 4 жылға, Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамбет Шилібаев және Жанайдар Кәрменов 8 жылға сотталды.


Айта кетейік, 4 шілде күні Алматының Қылмыстық істер жөніндегі сотында 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қалалық әуежайды басып алу ісі бойынша жарыссөз өткен болатын.

Фото: Азаттық


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.