Алматыда заңгер Айман Асанованың өліміне қатысты сот үкімі жойылды

Апелляциялық сот Алматыда заңгер әйелдің өлімі бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Алматы қалалық сотының апелляциялық сатысының шешімімен сотталған Талғат Нұртаевтың үкімі қайта қаралатын болады.
Осылайша, апелляциялық саты Нұртаевтың үкімінің күшін жойып, істі соттың өзге құрамындағы жаңа сот қарауына жіберуге қаулы шығарды.
– Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 17 мамырдағы алқабилердің қатысуымен қаулы шығарған, Т.Е. Нұртаевқа қатысты үкімі жойылсын және істі сол сотқа өзге құрамда жаңа сот қарауына жіберілсін. Т.Е. Нұртаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы сол күйінде қалдырылсын, – деп жазылған Алматы қалалық сотының апелляциялық қаулысында.
Еске салайық, 2022 жылдың 8 қазанында Алматыдағы Алмалы ауданында сағат 23:00 шамасында ер адам 42 жастағы әйелге шабуыл жасаған. Айман Асанова пышақ жарақаттарымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Ауыр жарақат салдарынан әйел қайтыс болды.
Кейінірек Алматыда заңгерді өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі Талғат Нұртаев ұсталды.
Коллаж: КазТаг
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.