Алматыда журналистер Владимир мен Наргиз Северный тұтқындалды
Алматыда журналистер Владимир мен Наргиз Северный ұсталды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Алматыда журналистер Владимир мен Наргиз Северный ұсталды. Олар бопсалады деген күдікке ілінді. Тергеуді қалалық полиция департаменті жүргізеді, – деп жазды Михаил Козачков Telegram арнасында.
Журналистердің ұсталғаны туралы олардың балалары хабарлады. Журналистерді Алматыдағы 21 сәуір күні балаларының көзі алдында ұстап алып кеткен.
– Оларды бірнеше тергеушілер ұстады. Видеоға түсіріп, жеке заттарына тінту жасады. Анамды бізбен сөйлестірмей бөлімге алып кетті. Отбасы мүшелері олармен байланыса алмай отыр, олардың жағдайы туралы ешқандай ақпарат білмейді. Өйткені олардың телефондары тәркіленді, – деді журналистердің ұлы Ратмир Северный.
Фото: ашық дереккөз



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.