English version

«Алматыэлектротранс» бас директоры қамауға алынды

Контекст дня — 10 октября 2022 15:25
0 -1

«Алматыэлектротранс» ЖШС бас директоры Бекмырза Игенбердинов 30 қарашаға дейін қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының шешімімен ол 2 айға қамалды.

Бұған дейін Бекмырза Игенбердиновтің 150 мың доллар пара алып жатқан сәтте ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, ұсталған адам тергеу кезінде қызметінен шеттетілген.

Бекмырза Игенбердинов Astana LRT ЖШС-нің басшысы болды. Қазіргі қызметіне Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасының басшысының бұйрығымен тағайындалған еді.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.