Алматының оңтүстік-шығысында жер сілкінісі болды
ҚР сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы Алматының оңтүстік-шығысында кезекті афтершок тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 км жерде Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.9.
Уақыты — (Астана уақыты бойынша) 14:36.
MPV магнитудасы 5.3.
Тереңдігі 5 км.
Айта кетейік, бұған дейін сейсмологтар 1 ақпанда сағат 01:21-де жер сілкінісі болғанын хабарлаған еді.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.