English version

«AMANAT» партиясы премьер-министр лауазымына Смайыловты ұсынды

Контекст дня — 30 марта 2023 11:10
0 -1

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан жаңа Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды.

Айта кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Үкімет отставкаға кетті.

– Біз отставкаға кетеміз және жаңа үкімет жасақталғанша біз өз міндетімізді орындаймыз. Жаңа премьер-министрдің кім болатынын президент пен Парламенттің жаңа Мәжілісі шешеді, – деді Әлихан Смайылов.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.