English version

AMANAT партиясы Тоқаевты президенттікке үміткер ретінде ұсынды

Контекст дня — 6 октября 2022 10:28
0 -1

Елордада AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезі басталды. AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды .

«Бізде ең қиын сәтте жауапкершілікті өз мойнына алып, елдің мемлекеттілігін сақтай алған көшбасшы бар. Біздің міндетіміз – қазақстандықтарды оның реформалары төңірегінде біріктіру. Қасым-Жомарт Кемелұлы – ең лайықты кандидат. Қолдауларыңызды сұраймын», – Қошанов.

Еске салайық, жуырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды.

« Мен биылғы күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс президент сайлауына баруға дайынмын», – деді президент Қазақстан халқына жолдауында.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.