English version

Қамауда отырған Мұхамедиұлы психолог көмегіне мәжбүр

Контекст дня — 24 мая 2023 18:10
0

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырды деген айыппен қамауда отыр.

Мұхамедиұлы 8 қараша күні жауап алу кезінде 111 миллион теңге көлемінде залалды ішінара өтеуге мәжбүр болғанын хабарлады. Оның айтуынша, бас тартқан жағдайда тергеушілер отбасы мүшелерін де темір торға қамаймыз деп қорқытқан.

– Мен 111 миллион теңгені өтеу бойынша жауап алу мәжбүрлі түрде, қорқыту мен бопсалау арқылы өтті деп ресми мәлімдеймін. Егер мен өтемейтін болсам менің әйелім мен 85 жастағы әйелімнің анасын түрмеген қамайтындарын айтты, – деді ол.

Экс-министр бірнеше рет медициналық және психологиялық көмек көрсетуді сұраған. Бірақ барлық өтініштері қабылданбаған.

Сот оған психолог көмегін ұсынуға құзыреті жоқ екенін түсіндірді және тергеу изоляторындағы медициналық қызметкерлерге жүгінуге кеңес берді.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.