English version

Қамаудағы Қайрат Сатыбалды Назарбаевқа зәулім үй сыйлады

Контекст дня — 20 июня 2023 16:30
0 -1

Қамауда отырған қазақстандық олигарх Қайрат Сатыбалдыұлы ағасы, Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысы Үшқоңырдағы зәулім сарайын сыйға тартқан, деп хабарлайды Exclusive.kz Азаттыққа сілтеме жасап.

– Назарбаевтардың отбасы ұясы саналатын Алматыдан алыс емес жерде орналасқан Үшқоңыр үстіртіндегі сәнді сарай иесін ауыстырды. Қазақстанның бұрынғы президентінің немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлы мүлікті ағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйға тартты. Бір қызығы, бұл Сатыбалды мүлкін тәркілеумен бас бостандығынан айырылған соң болды, – деп жазылған хабарламада.

Қайрат Сатыбалдыұлына тиесілі Үшқоңыр үстіртіндегі резиденция 2023 жылдың сәуір айының ортасында «қайырымдылық шартымен» жалғыз құрылтайшысы Назарбаев болып табылатын «Елбасы» қорына берілген.

Еске салайық, 2022 жылы 13 наурызда елорда соты Қайрат Сатыбалдыны қамауға алу туралы шешім шығарған еді. Кейін ол 6 жылға сотталды.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.