English version

Қамаудағы «Дикий Арман» Тоқаевқа үндеу жасады

Контекст дня — 18 ноября 2022 16:30
0 -1

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдады.

– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев! Тергеудің әділ өтпейтініне көзіміз жетіп, сізге апарар барлық есікті қайта қағуға мәжбүрміз. «Жаңа, әділ Қазақстан» туралы ұрандарыңызға үлкен үміт артамыз және Арман Жұмагелдиевтің ісін жеке қайта қарауыңызды сұраймын. Ел басына күн туған қиын-қыстау күндерде ауруханаларды, жерлестерімнің мүлкін қорғадым. Қарақшыларды ұстап, азық-түлік үлестірдім. Енді намыс мен бостандығым үшін күресуге мәжбүрмін. Өз еліңіздің патриотының тағдырына бейжай қарамаңыз, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Арман Жұмагелдиев 7 қаңтар күні ұсталды. Бес адамнан тұратын қылмыстық топ Алматыда арнайы операция барысында құрықталған.

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 7 желтоқсанға дейін ұзарды.

Фото: скриншот

Изображение 1 для Қамаудағы «Дикий Арман» Тоқаевқа үндеу жасады
https://t.me/kzexclusive




Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.