Қамаудағы Мұхамедиұлының қысым көргені рас па? – Антикор жауабы
Бүгін Байқоңыр ауданының № 2 елордалық сотында бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша сот отырысы өтіп, Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеу басқармасы бастығының орынбасары Айдос Төлендиевтен жауап алынды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Менің тарапымнан ешқандай қысым болған жоқ. Сотталушының дәлелдерімен келіспеймін, мен қолданыстағы заңнама аясында жұмыс істедім. 111 млн теңге көлемінде залал төлеу жөнінде менің тарапымнан, басқа қызмет қызметкерлер тарапынан да мәжбүрлеу болған жоқ, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеу басқармасы бастығының орынбасары Төлендиев.
Бұған дейін Бұрынғы мәдениет және спорт министрі сотта 111 млн теңгені тергеу қысым көрсеткеннен кейін өтегенін айтқан еді.
Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлына 221 млн теңге жымқырды деген айып тағылып, оның қатысы жиналған дәлелдемелермен расталды.
Фото: Halyq Uni



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.