English version

Қанат Ислам аргентиналық боксшыны жеңді

Контекст дня — 8 октября 2022 15:30
0 -1

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам АҚШ-та Хавьер Франсиско Масьелді жеңді.

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-1, 22 КО) Плант-Ситиде (АҚШ, Флорида штаты) өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Қанат Ислам аргентиналық Хавьер Франциско Масьелмен (34-17, 23 КО) жекпе-жекке шықты.

Орта салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа созылды. Төрешілердің бірауыз шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті. Қанат Ислам сегізінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.

Бұл Қанат Исламның кәсіби мансабындағы – 29-шы жеңісі. Қарсыласы Хавьер Франсиско Масьел 18-ші рет жеңіліске ұшырады.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.