Ya Metrika Fast


English version

Қандастарды балағаттаған павлодарлыққа айыппұл салынды

Контекст дня — 3 мая 2023 16:30
0
Изображение 1 для Қандастарды балағаттаған павлодарлыққа айыппұл салынды

Қандастарға тіл тигізген 27 жастағы павлодарлық қызға айыппұл салынып, сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– 2023 жылғы 1 мамырда Инстаграмдағы әлеуметтік желілердің мониторингі барысында @nastya_brovkapvl парақшасында бейнежазба жарияланып, онда азамат әлеуметтік желіде балағат сөздер айтып, Моңғол халық Республикасынан келген қандастарға теріс сөз сөйледі. Бұл факт Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімінде тіркелді. Құқық бұзушының жеке басы анықталды, – деп жазды Павлодар облысы Полиция департаментінің басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.


Әлеуметтік желідегі балағат сөздер үшін ол ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.