Антикор басшысының бұрынғы орынбасары Қожабаев сотталды
Шымкентте Антикор басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевқа сот үкім шығарды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Мақсат Қожабаев Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағында («Алаяқтық») көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот шешімімен Қожабаев бес жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Айта кетейік, аталған қылмыстық іс бойынша тағы бір айыпталушы бар. Сот Зәкір Ғұламовты қылмыстық кодекстің 28-бабы 4-бөлігінде, 367-бабы 4-бөлігінде, 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағында көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды.
Фото: gov.kz
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.