English version

Антикор мен прокуратура Атырау-Астрахань жолын тексереді

Контекст дня — 30 августа 2022 17:10
0 -1

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі прокуратура өкілдерімен бірлесіп республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға, оның ішінде Атырау — Астрахань жолдарына кешенді тексеру жүргізеді.

Atpress.kz. мәліметінше, Атырау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын іске асыру аясындағы мәселелерді талқылады. Кездесу барысында автомобиль жолдарын салу және қайта жаңарту барысы, объектілерді пайдалануға қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін тәуекелдер мәселелері көтерілді.

Бұған дейін «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау филиалымен бірлесіп өңірдегі автомобиль жолдарының сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу басталды. Атырау филиалының сарапшысы Арман Әбсеметов жылдан жылға құқық бұзушылықтар қайталанатынын және қабылданған шаралар жеткіліксіз болып қалатынын атап өтті.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.

Рекомендуемое

Нет популярных записей за последние 7 дней.

fbroker