Ya Metrika Fast


English version

Антикор «СҚ-Фармация» қызметін тексереді

Контекст дня — 4 октября 2023 17:30
0
Изображение 1 для Антикор «СҚ-Фармация» қызметін тексереді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талдау шеңберінде медициналық бұйымдарды сатып алу, ауруханалар мен емханаларды салу және жөндеу, сондай-ақ медициналық мекемелер қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу қоры және «СҚ-Фармация» ЖШС қызметі мәселелері зерделенетін болады.


– Талдау Агенттіктің, Денсаулық сақтау министрлігінің, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен және азаматтық қоғам өкілдерімен жүргізілетін болады. Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды талдауға қатысуға шақырады, – деп жазылған ресми хабарламада.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.