Антикор төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев ұсталды
Бүгін, 9 қаңтар күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Мақсат Қожабаевты ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
– 2023 жылғы 9 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу шеңберінде жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері М. Қожабаевты ұстады, – деп жазылған хабарламада.
Жедел-тергеу шаралары жалғасуда. Айта кетейік, қзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.
Фото: Хабар 24

Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.